KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 10 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Тарбағатай ауданында қазақ күресінен әлемдік Гран-при өтті

19.06.2018, 13:06 195

Ақсуат ауылында өткен жарысқа әлемнің 23 елінен палуандар қатысты: Ресей, Моңғолия, Қытай, Германия, Дания, Қырғызстан, Чехия, Грузия және т.б.


Балуандар екі салмақтық дәрежеде күш сынасты: 80 келіге дейін және 80 келіден жоғары «түйе балуандар».


Финалда 80 келіге дейінгі салмақта шығысқазақстандық спортшылар Марат Қуаныш пен Ғабит Дәулетбаев күресіп, жеңіс тұғырына Марат Қуаныш көтерілді. Ғабит Дәулетбаев екінші орынды иеленсе, үшінші орынды өзбек палуаны Расул Камалитдинов қанжығасына байлады. Абсолюттік салмақ дәржесінде тағы бір өзбек палуаны Мухсин Хисамутдинов жеңіп, екінші орынды ресейлік Рустам Арсланов, үшінші орынды грузиялық Бека Берданишвили иеленді.


Айта кетсек,өткен жылы қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енгізілгеннен кейін әлемнің көптеген елдері бұл спорт түріне аса қызығушылық танытуда. Сондықтан осы жолғы жарысқа қатысуға ниет білдіргендердің де қарасы көп болды.


Ырғызбай Досқанұлының атындағы осы турнир алтыншы рет өткізіліп отыр. Ал қатысушылардың саны жылдан жылға артуда.



Турнир тек ұлттық күрес түрінен ғана емес, ат спорты түрлерінен де өткізілді: көкпар, бәйге және аламан бәйге. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер жарыстың басты демеушісі - «Қазцинк» ЖШС-нен қомақты қаржылай сыйақылармен марапатталды. Турнирдің басты сыйлығы – 1 500 000 теңге, күміс марапат – 1 000 000 теңге, қола марапат – 500 000 теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив