KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Риддерде суға кеткен әйел адам іздестіріліп жатыр

19.06.2018, 09:07 140

Риддер қаласында құтқарушылар Үлбі өзеніне ағып кетуі мүмкін деген әйелді іздестіруде. Елу жастағы әйел адамның қандай жағдайда суға батып кеткені әзірге белгісіз. Риддерлік құтқарушыларға Өскемен қаласының сүңгуірлері қосылып, өзен ағысының төменгі жағы мен жағалауды толық зерттеуде.


Ал осы уақытта Зырян ауданындағы Малеевка кентінде құтқарушылар Бұқтырма өзенінен суға батып кеткен 36 жастағы ер адамның денесін алып шықты. Жас жігіт тің жексенбі күні суға түсуге болмайтын жерде шомылғаны анықталған.


Суға шомылу маусымы басталғалы облыста алты адам судың құрбаны болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив