KZ
Өскемен
+21°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

ШҚО-да мемлекеттік қызметшілер өзекті мәселелерді талқылады

19.06.2018, 03:19 235

Мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында облыс орталығындағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалына жиналған ҮЕҰ, БАҚ, мемқызмет және квазимемлекеттік сектордың өкілдері «Қазақстанның қазіргі мемлекеттік қызметі: кәсіби мемлекет құрудың 15 қадамы» семинарында бас қосып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыға салды.


Бұдан соң арнайы әзірленген флэшмобқа қатысып, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін білімдарлықтарын сурет салу, түрлі викториналық сауалдарға беру арқылы көрсетті.


Алдымен жиналғандарға ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының тұсаукесері жасалып, Елбасының Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» ішіндегі кәсіби мемлекет құрудың 15 қадамы, оның жүзеге асырылуы жайлы кең түсінік берілді.


– Аталмыш шараны өзіміздің кәсіби мерекеміздің алдында өткізіп отырмыз. Әдеттегі таптаурын қалыптан өзгеше етіп ұйымдастырған бұл ашық пікірталас алаңында мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара тиімді байланыс орнату, жергілікті өзін-өзі басқаруда әлеуметтік серіктестікті дамыту және басқа да өзекті мәселелерді жете талқылауды ұйғардық. Бір сөзбен айтқанда Сіздер үшін ашық есік күні деуге де болады, - дейді Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Жанар Рысбекова.


Семинар-тренинг барысында оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің қызметі туралы сырт көз сарапшылардың пікірін естіп, білу әрқашан да жоғары маңызға ие. Себебі, мемлекеттік қызметші өз білімі мен кәсібилігін үнемі ұштап отыруға тиіс. Сонымен бірге тараптардың қайсысына болса да тиімді болмақ.

– Мемлекеттік қызмет жайлы көбінесе өзіміз айтып жатамыз. Ал бүгін біз жайлы, атқаратын қызметіміз жайлы өзгелердің пікірін, ұсыныс-тілектерін естуді мақсат етіп отырмыз. Аталған мәселелерді пікірталас алаңында ашық талқыға салу – бүгінгі кездесудің басты мақсаты да болмақ, - деді Жанар Қасымбекқызы.


Мемлекеттік қызмет саласындағы проблемалық мәселелер қаузалған қызу пікірталастан соң әсем әуен ырғағындағы флешмобта, ойындарда көңілдерін көтерген қатысушылар келесі ретте арт-терапия «Өмір бояулары. Ойлаудың позитивті бейнесін құру», «Ақыл – карталары: даму, жоспарлау, процесс» және «ХХІ ғасыр көшбасшысы. Табыс стратегиясы» секілді үш тақырып бойынша шеберлік-сыныптардан өтті.

Семинар қорытындысында дарынымен танылғандарға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.



 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив