KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Cемейде Street Workout спорт алаңы ашылды

15.06.2018, 02:43 263

ҚР Мәдениет және спорт комитеті, Ұлттық Олимпиада комитеті, Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің қолдауымен Семей қаласындағы 72 квартал ауданында Street Workout спорт алаңы ашылып, жастар мен балалар үшін пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына Астанадан келген Қазақстан құрама командасы «Bar Bars» мүшелері арнайы келіп қатысты.


Шарада сөз алған Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев былай деді:


- Спорт алаңы Ұлттық Олимпиада комитетінің қаржыландыруымен ашылды. Қалада бұл осымен төртінші рет ашылып отырған алаң, бұған дейін 18,21,22 мектептердің алдында осындай алаңдар орнаттық. Қала бюджетінен бөлінген 70 млн теңгеге тағы басқа да алаңдар ашылады деп күтіп отырмыз. Сіздермен Жеңісті күндерде жолығайық!


Келесі кезекте қалалық мәслихат депутаты Андрей Алтайбаев сөз алып, осы спорттың түрінен болашақта чемпиондар шығатынына сенім білдірді. Ол өз сөзінде Семеймен қатар Бесқарағай ауданында да осындай алаң ашылып жатқандығынан хабардар етті. Ал Астанадан жеткен «Bar Bars» командасы түрлі жаттығулар көрсетіп, жұртты таңғалдырды. Street Workout деген спорт түрі қандай екендігімен халықты таныстырды.


Street Workout спортының жаттықтырушысы Айдын Жакуповтың айтуынша, Қазақстан үшін спорттың жаңа түрі «Sreet Workout», аудармасы «көшедегі спорт» жастар арасында кеңінен тарап келеді. Республикада спорттың бұл түрімен шұғылданатындардың саны 100 мыңнан асқан. Қазақстанда Street Workout ресми түрде спорттың бір түрі деп тіркелгеніне біраз уақыт болған. ҚР Спорт істері мен дене шынықтыру агенттігінде тіркелген Street Workout бойынша федерациясы да жақсы жұмыс істеуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив