KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Семейлік әлем чемпионы Даниал Ахметовтен шахмат сыныптарын ашуға қолдау сұрады

14.06.2018, 06:54 112

Шахматтан Әлем чемпионы, Семейдегі экономика лицейінің 8 сынып оқушысы, семейлік Арыстан Исанжұлов облыс әкімімен кездесуде шахмат сыныптарын ашуға қолдау болатын-болмайтыны жайында сұрады.


Болашағы зор жас шахматшының сауалына Даниал Ахметов әзіл-шыны аралас былай деді:


-Егер сен Әлемнің екі дүркін чемпионы атансаң, туған жерден жыраққа кетпесең, өңірде шахматтың өркендеуін қолдаймыз.


-Облыс басшысымен емен-жарқын әңгімелестік. Біз өзімізді толғандырған сауалдарымызға тұщымды жауап алдық. Менің ойымша, өңірдің бірінші басшысымен болған осындай кездесулер жастарымызға күш-жігер береді. Даниал Ахметов айтқандай, болашақта туған жеріме қызметкеткім келеді, - деді бізге Әлем чемпионы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив