KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде ерекше әдіспен пәтер тонап келген қылмыстық топ ұсталды

11.06.2018, 10:31 82

Өскемен қаласының ішкі істер басқармасына қарасты криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері пәтер тонауман айналысқан топты қолға түсірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Күдіктілердің бірі Алматы қаласының тұрғыны екені анықталды. Екеуі де бұған дейін осыған ұқсас қылмыс үшін сотталған. Әзірге олардың Өскемен қаласындағы 10 ұрлыққа қатысы бар екенін белгілі. Әккі топ пәтер тонаумен екі жыл бойы айналысып келген.


«Олар әрбір қылмысқа тиянақты дайындалып отырған. Әуелі таңдау түскен пәтердің тұрғындарының уақыт режімін зерттеген. Одан кейін ішке енудің жоспарын пысықтаған. Құлып бұзғыш құрал арқылы ішке еніп, ақша мен бағалы заттарды үптеп отырған. Тонаушылардың бірі үйге кіргенде, екіншісі сыртта қалып, телефон арқылы сырттағы өзгерістерді баяндап тұрған» - дейді облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Әйгерім  Нұрғазина.


Осы екі жылдың ішінде жапа шеккен пәтер иелері 8 млн теңгеге шығындалған.  Айта кетерлігі, күдіктілердің қылмысы дәлелденсе, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив