KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Семейде алаяқ әйелдер қолға түсті

8.06.2018, 13:32 113

Семей қаласының Ішкі істер басқармасының орталық бөліміне 57 жастағы ер азаматтан шағым келіп түсті. Нақтырақ айтқанда, бір танысы одан 100 мың теңге ақша алып, алайда сол күйі қайтармай жүргенін мәлімдеді.


Полиция қызметкерлері бұрын сотты болған 58 жастағы әйелді қолға түсірді. Тергеу барысында ол осы қаражатқа пәтер жалдап, кейін жалға беріп отырғандығы анықталды.


Бұдан бөлек, тағы бір осындай оқиға ақпан айында да орын алған болатын. Семейлік азаматша 33 жастағы жігіттен 150 мың теңге алып, несиесін жауып беремін деп уәде еткен. Бірақ өз сөзінде тұрмаған, яғни алдап кеткен.


Жәбірленуші Семей қаласының ІІБ Затон полиция бөліміне арыз түсірген. Көп ұзамай құқық қороғау органдары жеңіл жолмен ақша тапқысы келген 30 жастағы Жанар есімді әйелді бірден құрықтаған.


Қазіргі таңда аталған екі фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы , 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив