KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Риддерде қоқыс сұрыптау цехы салынып жатыр

8.06.2018, 10:57 123

Риддер қаласында қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау цехы салынып жатыр. Бұл туралы арнайы брифинг барысында қала әкімі Жомарт Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазір кеншілер шаһарында соңғы жылдары бірнеше рет жабылу қаупі төнген жалпы алаңы 18 гектарды құрайтын жалғыз қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бар. Дегенмен, қала басшылығының тікелей араласуымен бүгінде аталған мәселенің де беті бері қарай бастағандай. Осыдан біраз бұрын «Фирма Эталон» ЖШС-не мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында полигонды 2025 жылға дейін пайдалануға рұқсат берілген-ді.


Қала әкімінің айтуынша, нысанды пайдалану мерзімін ұзарту күн тәртібіндегі мәселелердің бірі болған, себебі Риддерде өзендердің көптігіне байланысты әзірге жаңа полигон салуға мүмкіндік беретіндей учаскелер жоқ.


Бүгінде сұрыптау цехын монтаждау үшін 0,435 гектар жер телімі ресімделген. «Фирма Эталон» серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде цехты монтаждау мақсатына 15 миллион теңге көлемінде инвестиция құйыпты. Бұл қаражат электр желілерін тартуға бағытталады.


Сондай-ақ өндіріске қажетті жабдықтар да сатып алынып, Риддерге жеткізіліп қойыпты Аталмыш материалдардың жалпы құны 28 миллион теңгені құрады.


Жомарт Мұратов хабарлағандай, аталмыш цех іске қосылғаннан кейін 15 адамды жұмыспен қамтып, бір ғана 2019 жылда қалдықтардың шамамен 40 пайызын қайта өңдеуге мүмкіндік бермек.


Айта кетейік, сұрыптау цехының құрылысы 324 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив