KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Семейлік үш студент Ұлықбек Есдәулет атындағы грантқа ие болды

8.06.2018, 08:31 153

Семейдегі Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде  Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын  Ұлықбек Есдаулеттің «Аққу сыр, қанатты наз, қауырсын өлең...» атты шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Кешке Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда Шарова, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, белгілі қаламгер, журналист Әлібек Қаңтарбаев,  салалық мәдениет, спорт және ақпарат  қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков, ақын Тыныштықбек Әбдікәкім, Естай Әлікеев сынды  кешке құтты болсын айта келген көптеген зиялы қауым өкілдері, қала  тұрғындары қатысып отырды.


Кеш соңында Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеттің ректоры Мейір Ескендіров Ұлықбек Есдаулетке «Құрметті профессор» атағы мен төсбелгі табыс етті. Иығына қазақы дәстүрмен шапан жапты.Сол сияқты осы оқу орнында оқып жүрген үш студент  Мұратқали Назерке, Айшолпан Тлеутай, Азамат Қайырбековтер Ұлықбек Есдәулет атындағы грантқа ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив