Семейлік полицейлер бір келіден асатын кептірілген марихуана тәркіледі

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қаламыздағы Би Боранбай көшесіндегі үйлердің бірінен бұрын сотталған 47 жастағы қала тұрғыны есірткімен ұсталды.
Ал тұрғылықты мекенжайын тінту барысында жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 1 кг 277 граммнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды.
Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабы, 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Сонымен қатар оқыңыз