KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.4 473.54 4.76

Алакөлге келген шетелдік туристерге тегін SIM-карта беріледі

4.06.2018, 06:29 127

Алакөлге демалуға барған қонақтар енді өздеріне қажетті мәліметтерді жағалауда ашылған «Tourist info» туристік-ақпараттық орталығынан ала алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Облыстық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының, сондай-ақ Үржар ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен құрылған орталықтың қызметкерлері демалушыларға бір терезе қағидаты бойынша анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетіп, тегін маман кеңесін беретін болады.


Айта кетейік, осыдан біраз бұрын облыстық туристік ақпарат орталығы Алакөл жағалауының картасын әзірлеген болатын. Енді көлге демалуға келген қонақтар аталмыш картаның кішірейтілген данасын туристік орталықтан тегін ала алады. Бұл картада туристік аймақтағы барлық демалыс базасы мен басқа да нысандардың орналасқан жері мұқият көрсетілген.


Бұған қоса «Tourist info» орталығынан сол демалыс базалары мен турфирмалардың брошюралары мен арнайы кәдесыйларын алып, жағалауда өтетін мәдени-көпшілік шаралардың анонсын білуге болады. Тағы бір айта кетер жайт, шетелдік туристерге қазақстандық ұялы байланыс операторларының тегін SIM-карталары беріледі.


– «Tourist info» орталығы келушілерге жазғы демалыс маусымы, яғни үш ай бойы қызмет көрсетеді. Орталығымыз аймақтың туристік әлеуетін арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз, – дейді облыстық туристік ақпарат орталығының директоры Сымбат Рамазанов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив