KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Шемонайхада жиһаз шығаратын цех өртенді

4.06.2018, 06:22 165

Шемонайха қаласында жиһаз өндіретін цехта өрт шығып, қызыл жалын екі сағаттың ішінде 500 шаршы метрге жуық аумақты жайлап алды. Абырой болғанда, өрт сөндірушілер сатуға дайындалған жиһаз бен тұрғын үйді аман алып қалды, деп хабарлайды алтайньюс тілшісі.


Өртке қарсы қызмет мамандары келіп жеткен кезде тілсіз жау ғимараттың төбесін түгел жалмап, от жапсарлана салынған тұрғын үйге жайыла бастаған. Өрт сөндірушілердің шұғыл қимылының нәтижесінде тұрғын үй де, жиһаздар да аман. Өрттің шығу себептері ретінде пешті орналастыруда және қолдануда өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамаған, сондай-ақ, отты абайсыз пайдаланған деген болжам айтылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив