KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Семейде бір жарым ай бойы іздестірілген бойжеткеннің денесі табылды

3.06.2018, 17:10 108

Осыған дейін Семейде 16 сәуір күні 18 жастағы Әйгерім Әміренова есімді бойжеткеннің іс-түссіз жоғалып кеткені туралы хабарлаған едік.


Қаламыздағы Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжінде оқыған Әйгерімді тәртіп сақшылары мен қаладағы "RINA. KZ-Семей" еріктілер қозғалысының мүшелері де іздестірген.


Ал бүгін сағат кешкі 22:00 аралығында Инстаграм мен «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Волонтеры Семей RINA.KZ» парақшаларында Әйгерімнің өлі күйінде табылғаны  жайында жазылған. Әзірге осы оқиғаға қатысты толыққанды ақпарат ресми түрде ешқай жерде жарияланбаған.


Орын алған жағдайға байланысты «RINA. KZ-Семей» волонтерлер қозғалысының жетекшісі Евгения Павелға хабарласқан болатынбыз. Бірақ ол ақпарат беруден бас тартты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив