KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, С
447.4 477.55 4.76

Өскеменде өрттен үш адам қаза тапты

3.06.2018, 04:01 136

Жеке меншік үйден шыққан өрттің салдарынан үш ер адам қаза тапты, тағы екі адам қазір ауыр халде жатыр.


Оқиға 1 маусым күні Невский көшесі,2 мекен-жайында орын алды. Шақыртуға келіп жеткен құтқарушылар жалынға оранған үйден жорғалап шыққан адамға көмек көрсетіп үлгерді. Олар үй ішінен тағы төрт ер адамды алып шықты. Оның үшеуі сол жерде көз жұмған, біреуі ауыр халде болатын.


Өрттен зардап шеккендерге медицина және апаттар орталығының бригадасы алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Олардың үйдің ішінде ішімдік ішіп отыруы мүмкін деген мәлімет бар.


Өрттің шығу себептері қазір анықталуда. Алдымен үйдің жанындағы сарай өртеніп, өрт баспананың өзіне ауысқан деп болжануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив