KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Алтайдың "қара маржандары" тағы да үздіктер қатарынан көрінді

2.06.2018, 11:38 211

Шығысқазақстандық «Altay athletics» кәсіби жеңіл атлетика клубының спортшылары команданың қоржынын кезекті жүлделермен толықтырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Атап айтсақ, алтайлық атлеттер Италияның Рим қаласы мен Үндістанның Бангалорында өткен байрақты бәсекелерде үздіктер қатарынан көрінді


Римде өткен биылғы «Гауһар лиганың» төртінші кезеңіне шығысқазақстандық клубтың екі спортшысы, яғни Нора Джеруто мен Дэйзи Джипкемей қатысқан болатын. Және бұл екі желаяғымыз да кедергілері бар үш мың метрлік қашықтыққа жүгірген-ді. 14 елдің 21 спортшысы сынға түскен аталмыш жарыста үш мың метрлік қашықтықты 9 минут 07,17 секундта бағындырған Нора Джеруто үшінші орыннан көріне білді. Өкінішке қарай, жарысты ширақ бастаған екінші спортшымыз Дэйзи Джипкемей қашықтықтың соңына қарай қарқынын бәсеңдетіп, нәтижесінде мәре сызығын тек жетінші болып кесті. Оның нәтижесі 9 минут 18,44 секундқа тең. Ал жарыс жеңімпазы болып тағы бір кениялық желаяқ Хивин Киенг (9 минут 04,96 секунд) танылды.


Нора Джеруто сияқты «Altay athletics» жеңіл атлетика клубының тағы бір мүшесі Каролин Кипкируи де дәл осы күндері Үндістанның Бангалор қаласында өткен халықаралық жарыста жүлдеге ілікті. Gold label road races сериясына кіретін бұл додада Каролин 10 шақырымға жүгіру сайысында бақ сынаған болатын. Аса тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 31 минут 28 секундтық нәтиже көрсеткен біздің спортшы үздік үштікті түйіндеді. Ол бірінші орын алған кениялық Агнес Тироптан тоғыз секундқа қалып қойды.


Айта кетейік, осыдан шамамен 10 күн бұрын К.Кипкируи Бостон (АҚШ) қаласында өткен халықаралық бәсекеде де жүлдегер атанған болатын. Сол жарыста бес мың метрге жүгірген Каролин мәре сызығын бірінші болып кескен-ді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив