KZ
Өскемен
-7°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Алтайда аю мен қасқырдың саны көбейіп барады

31.05.2018, 04:49 229

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Арман Есентаев шығысты мекендейтін қоңыр аюдың саны соңғы бес жылда шынымен  көбейе түскенін айтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Жыртқыштар 6 пайызға өскен. 2012 жылы орта есеппен аймақта 1988 аю есепке алынса, былтыр олардың саны 2206 ға жеткені белгіленген.  Биологиялық тепе -теңдікті сақтау мақсатында жыл сайын аюларды  аулауға, атуға рұқсат етіліп отыр.  Былтыр аңшыларға 56 аюды атуға рұқсат берілсе, биыл 78 аюды атуға лицензия, жолдама қарастырылыпты. Аюды аңшылық үшін атуға, аулауға лимит тек аю саны басым  біздің облысқа ғана беріліп келеді. Қоңыр аю табиғатта 15-18 жыл өмір сүрсе, ал қаладағы қамалған аю  30-40 жыл тіршілік ететін көрінеді.



Арман Есентаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:


-2015 жылы министрліктің бұйрығымен зиянды жануарлар мен құстардың санын реттеу стандарттары бекітілгенде реттеліп отыратын қасқыр, қарға сияқты зиянды  аң -құстар тізімінің ішіне қоңыр аю, балықтарды қырып, жеп жатқан су құзғыны  енгізілген жоқ. Бірақ біз соңғы  үш жыл көлемінде аюмен су құзғынын уақытша реттелетіндей етіп тізімге енгізу туралы биологиялық негіздемеге сай министрлікке ұсыныс, хаттар жазып, мәселені көтеріп келеміз. Қазір жағдай  назарға алынып,қарастырылып жатыр.


Аюдың көбеюіне аймақтың орман, тоғайында тұяқты жануарлар санының ұлғая түсуі де оңды жағдай тудырып жатқандай. Бес жыл бұрын бұланның саны 2,5 мыңдай болса, былтыр 3,5 мыңға жеткен. Тау ешкісі мыңға тақап, қабан саны артқан, елік 1,5 мыңға көбейіп, шамамен 16 540 басқа жетіпті.



Шығыста көбейіп бара жатқан тағы бір жыртқыштың бірі - қасқыр.

 Қасқырлар популяциясын реттеуге жыл сайын облыстық бюджеттен орта есеппен 10-11 млн теңге қаржы бөлініп келеді.   Жыл сайын қасқырдың жалпы санының 40 пайызы атылып, жойылып отыр. Соған қарамастан бөлтірігін ерткен бөрілердің өсіп-өнуі үсті-үстіне ұлғайып келеді. Жарма, Катонқарағай, Зайсан сияқты малды өңірлерге  итқұстың шектіріп отырған зияны көп. Былтыр облыста 375 қасқыр, 20 бөлтірік, биыл 200 ден астам қасқыр атылған. 2012 жылы аймақта 958  қасқыр бар делінсе, олардың саны 2017 жылы 1038 ге жетті деп белгіленіп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив