KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 11 м/с, С
444.22 476.38 4.82

ШҚО-ның туристік әлеуеті Германияда танытылады

30.05.2018, 05:45 195

Жарма ауданының тумасы Павел Митин қазір Германия мемлекетінде тұрып жатыр. Ол ШҚО-ның туристік саласын Германияда танытпақшы.


Осыған орай Германия Федеративтік Республикасының азаматы Павел Митин мен ШҚО Туристік ақпараттық орталығы туристік ақпараттық серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл құжаттың аясында тараптар ШҚО-ның туристік әлеуеті туралы ақпарат алмасу, инвесторларды тарту, аймақтың туристік өнімін алға бастыру, туристік бағыттар құру және делегацияны қабылдауды ұйымдастыру секілді жұмыстарды атқарып, өзара тиімді серіктестікті дамытады.


-Бұл менің өзімнің ерікті бастамам, - дейді Павел Митин.-Осы кезеңде ешқандай мақсат көздемеймін және ешқандай коммерциялық ұйымнан атынан келіп отырған жоқпын. Менің бастамам Шығыс Қазақстанды өзім жиі баратын елдерде танытуға негізделген, мысалы Германия, Швейцария, Австрия, Ресей.


Айта кетсек, неміс өкілі Жарма ауданының Қалбатау ауылында дүниеге келген. Германияға 18 жасында кеткен екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив