KZ
Өскемен
+7°
переменная облачность жел 5 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Өскемендегі Согра кентінде жылу беру тоқтатылмайды

29.05.2018, 03:44 190

«Согра» жылу электр орталығы Согра кентінің тұрғындарына жылу беруді тоқтатпайтын болды.


Мамыр айының орта кезінде «Шығысэнерготрейд» ЖШС мен «Согра жылу электр орталығы» ЖШС арасында электр энергиясын жеткізудің бағасына қатысты келіспеушілік туындаған еді. Жылу электр орталығы жеткізуші ретінде станцияның тоқтатылуы мен Согра кентіне жылу берілмеуі мүмкін екені туралы хабарлаған.


25 мамырда компания өкілдері туындаған келіспеушілікті реттеудің жолдарын іздестіріп, талқылады. Бұл кездесуге Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің, Өскемен әкімдігі мен облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының өкілдері қатысты.


«Шығысэнерготрейд» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, екі тарап өзара келісімге келіп, 2018 жылдың соңына дейін қолданыстағы келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін болды. «Согра» жылу электр орталығы өз штаттық тәртібі бойынша жұмысын жалғастырады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив