KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Ертіс өзенінде балық аулауға тыйым салынды

27.05.2018, 07:10 256

Уылдырық шашу мерзімі басталды. Осыған байланысты Ертіс өзенінің су қоймаларында балық аулауға тыйым салынған.  Семей, Павлодар, Өскемен  су қоймаларында тыйым салудың уақыты ауа-райының жағдайына қарай әр түрлі екен.


-Тыйым салу шараларын реттеу туралы арнайы бұйрық бар, - дейді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мақсат Босқымбаев. – Мысалы, Ертіс бойынша Павлодар мен Семейден бастап Өскеменге дейін 10 мамырдан 10 маусымға дейін балық аулауға болмайды. Өткен жылы осы ережені бұзғандардан 3 моторлы қайық, 40-қа жуық балық тор, 10 қайық пен 100 келіден астам балық тәркіленіп алынды. Оларға айыппұл салынған болатын.


Осы жылы 150 құқықбұзушылық анықталып, ол бойынша 40 іс әкімшілік сотқа берілді. Енді уылдырық шашу мерзімінің басталуына орай құқыққорғау органдарының қызметкерлері балықты қорғау үшін арнайы рейдтер жүргізбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив