KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 7 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Жерді алғанмен үй сала алмай отырғандардың учаскелерін мемлекет қайтарып алып жатыр

25.05.2018, 08:24 141

Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының әрекет етуімен 2018 жылдың қаңтарынан бастап 126 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған. Олардың кадастрлық құны 2 млрд теңгеден асса, жалпы ауданы 25,5 мың гектарды құрайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Құзырлы органның баспасөз қызметінің хабарлауынша, тиімсіз пайдаланылған телімдерді мемлекетке қайтаруда жер қатынасын реттеуші ведомстволар да қарап қалмаған. Олардың бастамасымен 251 мың гектарды құрайтын 222 жер учаскесі иесінен қайтарып алынған. Осылайша мемлекет меншігіне 276,6 мың гектар жер қайтқан. Қазіргі таңда жауапты органдардың назары Алакөл мен Сібе көлінің жағалауынан заңсыз берілген телімдерге ауып отыр.


Аудандық және қалалық әкімдіктердің мәліметі бойынша, облыс аумағында 154 мыңнан астам гектарды алып жатқан 200 жер телімі мүлде пайдаланылмай жатыр. Олардың басым бөлігі Зырян ауданындағы Бұқтырма су қоймасынан берілгені мәлім.


Ал Өскемен қаласында Сәтпаев даңғылы мен Самар тасжолының бойында, №19 және 21 мөлтек аудандарда иесі игілікке жарата алмаған жерлер анықталған.   Облыстық прокуратура бұл учаскелерді мемлекетке қайтару жұмыстарын ширата түспекші.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив