KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«ҚазАвтоЖол» басшысы уәде берді. Осинов асуы 1 маусымға дейін жөнделеді

23.05.2018, 09:00 227

ШҚО-дағы жол жөндеу қызметтері Бұқтырма жағалауларына апаратын Зырянның жолдарын жөндеуге кірісті, деп хабарлайды Алтайньюс.


Осинов асуына  былтыр да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, көктем шыға салысымен бір жыл бұрын ғана ретке келтірілген жолдың шұңқырлары әдеттегідей үңірейіп шыға келді.


-Бұл - былтыр жасалған жұмыстың  «керемет» нәтижесі. Демек, ешқандай бақылау жоқ деген сөз. Туристік маусым басталғанша Осинов асуындағы жолды тәртіпке келтірулеріңіз керек,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов.


Қазір аталмыш учаскеде шұңқырларды бітеу жұмыстары қолға алынған. Аймақ басшысы сонымен қатар ШҚО бойынша «ҚазАвтоЖол» филиалының басшысы Нұрлан Өмірбаевға Көгілдір бұғаз демалыс орынына апаратын жолдарды ретке келтіру жөнінде тапсырма берді.


Мекеме директоры тапсырманы 1 маусымға дейін орындайтынын айтып, уәде берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив