KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

Семейдегі интернаттың балаларына тамақ аз беріледі деген шағым түсіп жатыр

23.05.2018, 06:59 171

Шығыс Қазақстан облысына Айгүл Соловьева жетекшілік ететін республикалық мониторингтік топ мүшелері жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Алтайньюс.


Мониторингтік топ мүшелері  нашар еститін және есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатқа ат басын бұрды. Себебі, мектеп-интернат оқушыларының ата-аналары тарапынан бірнеше шағымдар түскен болатын.


Шағымданушы ата-аналардың жазуынша, мектеп-интернаттағы балаларға тамақ мөлшері өте аз беріледі, қыс мезгілінде жатын бөлмелері өте суық. Алайда,мектеп-интернат директоры Сәуле Тоқтасынқызы аталған шағымдарды жоққа шығаруда.


Нашар еститін және есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының директоры СәулеТоқтасынқызы:


- Мен осы мекемеде 20 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келемін.  Менің жұмыс тәжірибемде мұндай мәселе алғашқы рет туындап отыр. Біз қолымыздан келгенше оқушыларымыз үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз,-деді. Ал, мектеп интернатының есепшісі АннаАлександровна:


- Биылғы жылы интернат бюджеті 135 миллион 549 мыңтеңгені құрайды. Бұл бір жылға 64 балаға бөлінген жалпы қаражат. 14 миллионтеңге тек қана тамаққа жұмсалады. Балалар күніне бес уақыт тамақтанатындықтан ондай шағымдар орынсыз деп ойлаймын,-деген уәж айтты.


Ең қызығы, тексеріс барысында мектеп-интернат оқушыларының сонау 1983 жылғы ескі оқулықтармен білім алып отырғандығы анықталды. Мұндай мәселені Семейге келген Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері анықтаған. Яғни, тәуелсіз ел атанғанымызға 27 жылдың жүзі болсада, мектеп оқушылары әлі күнге дейін «Кеңес Одағы» деп білім алуда.


Бұл жөнінде мониторингтік топпен бірге келген «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Рахым Ошақбаев былай деді:


- Өкінішке орай, біз бұл мектеп-интернатта есту қабілеті бұзылған балаларға арналған жаңа оқулықтардың жоқ екендігін көрдік. Олар 1983жылы шыққан Кеңес дәуіріндегі ескі оқулықтармен оқуға мәжбүр. Біз білім министрі Ерлан Сағадиевтің осыған басты назарын аударуға тырыстық. Әлеуметтік желілер арқылы көрсеттік. Сондай-ақ, балалардың ата-аналары мен педагогтар арасында коммуникацияға қатысты белгілі бір мәселенің бар екендігін көрдік. Ата-аналарды ондағы жылу мен тамақ сапасы толықтай қанағаттандырмайды. Бұл мәселелердің барлығы бақылауға алынып, шешімін табуы тиіс.


Тоғжан Құдайбергенова, Семей

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив