KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Семейде заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстан азаматтары көбейіп кеткен

23.05.2018, 03:40 130

Семейде 33 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12-і азамат елден қуылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .


Семейге келетін шетелдіктердің саны артуда.  Осыған байланысты қалалық  көші-қон полициясы басқармасы мен ІІБ-ның қызметкерлері заңсыз еңбек көші-қонын шектеу мақсатында «Нелегал-2018» жедел алдын алу шарасын өткізуде.


Алғашқы күннің өзінде тәртіп сақшылары ел аумағында болу ережесін бұзған 33 шетел азаматын  әкімшілік жауапқа тартты. 30 адамның елімізде уақытша болу мерзімі қысқартылды. Соттың шешімімен 12 шетелдік елден шығарылды. Екеуінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.


«Шетел азаматтары көбіне уақытша тіркеуге отырмайды.  Бұдан соң сот шешімін орындамайды,  заңсыз жұмысқа тұрады. Әрекеттері көші-қон заңнамасына қайшы келеді. Сондықтан шара аясында барлық құрылыс нысандары, дәмханалар мен базарларға тексеру жүргізіледі»,-деді Семей қалалық ІІБ Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі Елубек Оспанов.


Семейде заңсыз жұмыс істейтіндердің көбі Өзбекстан елінің азаматтары. Тексеру кезінде 3 өзбекстандық  азаматтың алған құжат бойынша жұмыс істемейтіні анықталды. Яғни, олар жеке тұлғаға үй шаруасына көмектесеміз деп рұқсатнама алады. Алайда тексеру барысында өзге шаруа қожылығында сүт цехының төбесін көтеріп, әртүрлі жұмыс істеп жүргені белгілі болды.


Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  елден қуылды. Ал жұмыс берушіге 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив