Сыбайлас жемқорлық фактілерін жеткізген адамдарға сыйақы беріледі

Бұл туралы жуырда өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаментінің жетекшісі Сергей Потанин мәлімдеді.
Ол қоғамдық кеселдің алдын алуға бағытталған жұмыстар өз кезегінде нәтижесін беріп жатқанын атап, азаматтардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сенімі артып келе жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, бұған азаматтар тарапынан пара алушылыққа қатысты түсетін арыздар мен жүгінулер нақты дәлел бола алады.
– Мәселен, 2018 жылдың үш айы ішінде орын алған сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған алты шығысқазақстандыққа Үкіметтің «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысына сәйкес жарты миллион теңгеге тарта сыйақы төленді, - деді Сергей Потанин.