KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

26 мамыр күні Өскеменде тегін онкологиялық диагностика жүргізіледі

21.05.2018, 11:11 96

26 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Аталмыш іс-шара қалқанша бездің қатерлі ісігін ерте диагностикалауға бағытталған. Қажет болған жағдайда келушілерге тереңдетілген диагностика – қалқанша безге жіңішке инелі биопсия, УДЗ, цитологиялық зерттеу де жасалады екен.


Емхананың онколог дәрігерлерінен жолдамасыз білікті кеңес алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар!


Қабылдау уақыты: сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін. Өзіңізбен бірге жеке бас куәлігін, бар болған жағдайда биохимиялық қан талдауы, қалқанша без УДЗ және бұрын өткен тексеру нәтижелерін ала келу керек.


Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Серікбаев көшесі, 1. Анықтама телефондары: 8 (7232) 70-59-76, 74-26-98, 70-59-22, 74-28-35.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив