KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде «Қайратты жастар-2018» атты жұмысшы жастар байқауы өтті

21.05.2018, 10:03 126

Өскеменде «Қайратты жастар-2018» атты жұмысшы жастар байқауы өтті. Оған қатысушылар ән мен биден шашу шашып, спорттан да құр алақан еместігін көрсетті.


Мұндай форматта бесінші рет ұйымдастырылып отырған байқауға облысымыздың ірі кәсіпорындары мен зауыттарында еңбек ететін жұмысшы жастар қатысып, спорттық сайыстар мен өнер байқауында бақ сынасты. Жалпы, байқауға облыстағы ірі зауыт пен кәсіпорынның командалары қатысты. Атап айтқанда, «Өскемен Титан-магний комбинаты», «Азия Авто», «Үлбі металлургиялық зауыты» сияқты өндіріс орындарының командалары мен банк қызметкерлері қатысты.


Байқаудың қорытындысы бойынша «Үздік шығармашылық бағдарлама» және «Бірлігі жарасқан ұжым», сондай-ақ «Жастар таңдауы» аталымдары бойынша «ӨскеменТитан-магний комбинаты» марапатталды. Айта кету керек, «Жастар таңдауы» аталымы әлеуметтік желідегі жастардың дауыс беруі арқылы анықталды. Ал «Кәсіпорындағы үздік жастар ұйымы» аталымына Үлбі металлургиялық зауытының командасы лайық деп танылса, «Үздік жанкүйер» аталымын «Азия Авто» кәсіпорны жеңіп алды. Байқау барысында заманауи әндерді шырқап, көрермен қауымның көңілінен шыққан павлодарлық Азамат Уздаев пен өскемендік Еркежан Мұсаева кештің ханзадасы мен ханшайымы атанды. Жеңімпаз командаларға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив