KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Жаңа Ахмер кентінде өз күшімен өрт сөндірмек болған ер адам отқа күйіп қалды

21.05.2018, 05:21 130

Өскемен қаласына қарасты Жаңа Ахмер кентіндегі Мерей көшесінің бойында орналасқан жер үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға 19 мамыр күні кешке қарай орын алған.


Үйдің төбесі мен үй ішіндегі заттар отқа орана бастапты. 47 жасар үй иесі өртті өз күшімен сөндірмек болады. Бірақ ол әрекеті еш нәтиже бермеген. Керісінше, өрттен өзі зардап шегіп, денесін бірнеше жерден күйік шалды.Апаттық медицина орталығының дәрігерлері зардап шеккен тұрғынға алғашқы көмек көрсетіп, Бірінші қалалық ауруханаға жеткізді.


Өрттің аумағы 12 шаршы метрді құрады. Оның шығу себебі газ жабдықтарын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігінің талаптарын орындамау болуы мүмкін деген алдын ала болжам жасалып отыр.


Осы орайда, құтқарушылар өз бетімен өрт сөндіру оқиғалары жиі кездесетінін айтады. Бірақ тұрғындардың көпшілігі мұндай жағдайда дұрыс әрекет етуді біле бермейді екен.


Өрт кезінде алдымен терезені жабу керек. Электр құралдарын тоқтан суырып, газ берілуін тоқтатады. Жанғыш сұйықтарды өрт сөндіргішпен, тығыз мата немесе құммен өшіреді. Оларға су шашуға болмайды. Осыдан кейін пәтерден шығып, құтқарушылардың келуін күту қажет. Өрт тысқа таралмас үшін кіре беріс есікті жауып, есіктің астына сулы мата салып қоюға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив