Өскемен
-7°
ясно ветер 10 м/с, С
448.05 486.58 5.82

Өскеменде бүгін өрттен тағы бір адам көз жұмды

21.05.2018, 04:26 23 0

Облыс орталығында орын алған өрттен бір адам көз жұмды. 13 адам құтқарылып үлгерді, оның ішінде екі бала бар. Бұл туралы Өскемен ТЖБ баспасөз қызметі хабарлап отыр.


Өрт кешке қарай қаладағы көппәтерлі үйлердің бірінен шыққан. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін бірінші қабаттағы пәтердің асүйі мен дәлізі отқа оранып үлгерген. Мұнда асүйдегі жиһаз бен электр құралдары өртеніп жатты. Бөлмелердің бірінен құтқарушылар ес-түссіз 34 жасар ер адамды тауып алып, тысқа шығарды. Оның 2-ші топтағы мүгедек екені анықталып отыр.


Апаттық медицина орталығының дәрігерлері өрттен зардап шеккен тұрғынға көмек көрсетті, дегенмен біршама уақыттан кейін ол көз жұмды.


Құтқарушылар өртті жарты сағаттан кейін толық өшірді. Өрттің шығу себебі электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтамаудан болуы мүмкін.


Айта кетсек, жыл басынан бері өртте 13 адам көз жұмған екен. Оқиғалардың  көбі тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауға байланысты болып отыр.

23
0
00

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив