KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Өскеменде қанттың бағасы шарықтап барады

18.05.2018, 15:09 101

Жидек әлі шығып бастамаса да, қанттың бағасы көтеріліп үлгерді. Көтерме сауда бағасында оның келісі 215 теңгеден 230-ға дейін жоғарылапты. Ал бөлшек сауда бағасы дүкендерде 270 теңгеге жеткен. Бұған дейін қанттың келісі 240-250 теңге еді.


Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінде бұл тақырыпқа қатысты жедел ақпарат беруден бас тартты. Дегенмен, бөлім мамандары бағаларға мониторинг жасап, қант бағасының өсуінің негізділігін анықтап жатқаны белгілі.


ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Людмила Устьянцеваның айтуынша, 15 мамыр күні департаментке Өскемен қаласының кәсіпкерлік бөлімінен хат келіп түскен.


-Біз нарықтың субьектілеріне, яғни қант жеткізушілеріне хат жібердік. Олардан жауап алған соң, бәсекелестікті қорғау саласында бұзушылық белгілері бар ма, жоқ па, соны тексереміз, - деді Людмила Устьянцева.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив