KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
449.58 486.94 4.86

Нұртілеу Иманғалиұлы: «Қазақ телевидениесінің кіндігі – Шығыста»

18.05.2018, 14:52 120

«ALTAI»арнасы өзінің алпыс жылдығын атап өтті. Іс-шарада сала ардагерлері мен еңбеккерлері құрмет грамоталарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталды.


1958 жылы ашылған Өскемен телестудиясы – еліміздегі тұңғыш аймақтық арна. Алпыс жылдық тарихы ішінде арна жан-жақты дамып, заман ағысынан қалмады, қазіргі кезде арна уақыт талабына сай өнім шығаруда. Соңғы жылдары «Қазақстан-Өскемен»телеарнасы 2017 жылғы ребрендингтен соң «ALTAI» атауына ие болды.


– «ALTAI» телевидениесі өңірдің соңғы алпыс жылдағы маңызды оқиғаларын сақтап келетін шежіре. Бүгінде арна Елбасының міндеттерін,мемлекеттік саясатты ауқымды насихаттап келеді. Жаңа маусымда арнада тыңжобалардың пайда болғаны қуантып отыр. Әсіресе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Рухты Алтай», «Қазына», «Латын дәуірі», «Алтай тұлғалары», «Қасиетті Алтай» сынды жобаларда атауға болады. Арна контенті объективтілік, жеделдік және өзектілік сынды принциптерге негізделген, – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.


Арнаны бүгінде тек өңір тұрғындары ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел тұрғындары сүйіп тамашалайды. Тағы бір атап өтерлігі, ұжым әрдайым аға буынның тәжірибесін басшылыққа алып, солардан үйреніп отырады, бұл – ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі.


Жас мамандар кәсіби тұрғыда өсіп-өркендеп келеді. Эфир жетілу үстінде.


Шараға арнайы келген «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлы Өскемен телестудиясы хабарларын Қазақ телевидениесінен сәл ертерек тарата бастағанын айтып,«Қазақ телевидениесінің кіндігі – Шығыста» деп атады.


Салтанатты жиында телеарнаның бір топ ардагерлері мен еңбеккерлері облыс әкімінің, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының грамоталарымен және алғыс хаттарымен, «Қазақ телевидениесіне – 60 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив