KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Өскеменде қоғамдық көліктің жүргізушісі оқушыны қағып кетті

17.05.2018, 07:16 118

Қоғамдық көліктің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолында 9 жасар баланы қағып кетті. Оқиға кеше кешке Өскемен қаласына қарасты Согра кентінде орын алған еді.


46 жасар жүргізуші Абай даңғылының бойымен қаланың орталығына қарай бет алған. Жол қозғалысындағы қауіпсіздікке көз жеткізбей, жаяу жүргіншіні қағып кетіп отыр.


- 9 жасар қыз бала оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметінен.


Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив