KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

ШҚО-да Әдеп жөніндегі кеңестің екі отырысында 9 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған

16.05.2018, 09:41 103

Ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында өңір тұрғындарына ұзын саны 1 910 927 қызмет көрсетілген. Оның 1 164 638-і жергілікті атқарушы органдарға, ал 874 707-сі орталық атқарушы органдарға тиесілі. Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңестің екі отырысында 13 тәртіптік іс қаралып, кеңестің ұсынысымен 9 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған.


Бұл жөнінде бүгін аймақтық коммуникациялар қызметінің жаңа ғимаратында өткен, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының облыстық департаменті бірлесіп өткізген, ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанының қорытындысына арналған алғашқы брифингте мәлім болды.


– Есепті мерзімде Әдеп жөніндегі кеңестің екі отырысы өткізіліп, онда мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзғандарға, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің уақытында орындалмауына, лауазымды тұлғалардың сыйлық алуына және мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін жоғарылату 2018 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыру бойынша 26 мәселе, 13 тәртіптік іс қаралды. Аталмыш кеңес ұсынысымен 9 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылса, оның ішінде мемқызметтің беделіне нұқсан келтірген 4 және Әдеп кодексі нормаларын бұзған 5 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті жиында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Жанна Қабдолдақызы.


Департамент басшысының келтірген деректеріне сүйенер болсақ, үстіміздегі жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша облыста барлығы 693 мемлекеттік органдар тіркелген. Оның 523-і жергілікті атқарушы органдар болса, 170-і аумақтық мемлекеттік органдар. Мемлекеттік қызметшілердің штаттық бірлік саны 8193 бірлікті құраса, өңірдегі мемқызметшілердің нақты саны 7597. Ал қалған 600-ге тарта орын вакантты болып тұр. Бос орындардың орнын толтыру мақсатында бірінші тоқсанда жергілікті атқарушы органдардағы 536 бос орынға арналған конкурс өткізіліп, нәтижесінде 227 адам конкурстан өткен.


Сонымен қатар департаментке есеп беретін аймақтың мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдарымен мемлекеттік қызметтің 391 түрі көрсетіледі. Жоғарыда көрсетілген мемлекетік қызметтің 560 287-сі қағаз формасында болса, 2018 жылдың бірінші тоқсанында Мемлекеттік корпорация арқылы және электронды түрде барлық көрсеткіштің 73 пайызы көрсетілген.


– Бұлардан бөлек облыстың барлық қалалары мен аудандарында эстафета түрінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ауқымды іс-шараларды қамтыған марафон «Адал жол» жобасы іске асырылуда. Осыған дейін Өскемен қаласында, Ұлан, Жарма, Көкпекті аудандарында өткізілді. Қазір Аягөз ауданында жалғасуда, - деді департамент басшысы Жанна Қабдолдақызы.


Брифингте бұлардан бөлек, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Жанар Рысбекова өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, ауылдық округ әкімдерінің дербес бюджетпен жұмыс істеуі жайына тоқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив