KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 10 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Алдағы жылдары ШҚО-да студенттерге арналған 11 жатақхана салынады

16.05.2018, 08:59 155

Соңғы жылдары облыста білім алып жатқан студенттердің саны күрт артты. Соған байланысты жатақхана мәселесі туындады. Сол себептен өңірдегі жоғарғы оқу орындарының басшылары еліміздің Білім және ғылым министрлігімен бірілесіп, студенттердің тұрғын үй мәселесін шешуді жоспарлап отыр.


Алдағы жылдары облыста студенттерге арналған 11 жатақхана салынады. Бүгінде мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде бой көтеретін нысандардың жоба-жоспары жасалуда. Ресми деректерге сүйенсек, Өскемендегі Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да тоғыз мыңға жуық студент білім алуда. Ал олардың тең жартысы ғана жатақханада тұрады.


– Студенттер үйінде бос орын болмағандықтан, пәтер жалдап тұрып жатырмын. Айына 40 мың теңге төлеймін. Негізі жатақхана ең алдымен көпбалалы отбасының балалары мен мемлекеттік грантпен оқуға түскендерге беріледі, - дейді студент Тоғжан Мейрамханова.

Бүгінде облыста «Серпін» бағдарламасы бойынша оңтүстік өңірлерден оқуға келген бір жарым мың студент білім алуда. Алдағы жылдары олардың қатары тағы да көбеймек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив