KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменнің дәл іргесіне осындай жер үйлер салынғалы жатыр

15.05.2018, 10:16 152

Халықты қолжетімді баспанамен қамтуға бағытталған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Шығыс, Ново -Явленка ауылдары маңындағы 28-ші ықшам ауданда салынғалы отырған жер үйлер қаланың бас жоспарында көрсетілгендей, Өскеменнің көркін келтіре  түспек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл жерде заманауи біркелкі сәулетті үйлер бой көтереді.


Әзірленген типтік жобаға сай жаңадан салынатын жер үйлердің жылу жүйесі пешпен және электр энергиясымен жұмыс істемек. 80-100-130 шаршы метрлік жер үйлер бағасының әр шаршы метрі 120мың теңгеден болғанда, баспаналардың бағасы шамамен сәйкесінше 9-11-12 млн.теңге көлемінде болмақ.


Шотқа салып есептеп көрсек (банктік емес, несиеліккалькулятор бойынша), бағасы 9 млн. теңге тұратын аумағы 80 шаршы метрлік үйді Қазақстан тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі (ҚТҚЖБ) арқылы несиеге алу үшін үй құнының 20 пайызын - 1 млн. 800 мың (7-20-25 бағдарламасындағыдай ҚТҚЖБ-ның бастапқы жарнасы да 30-дан 20 пайызға төмендемек) теңгені алдын-ала төлеп, қалған 7 млн. теңгені 10 жылға 5 пайыздық мөлшерлемемен несиеге алса, біздің есебімізше үй сатып алушы ай сайын банкке шамамен 75 мың теңге төлеуі керек екен. 5 жылға алса, ай сайын 130 мың теңгенің үстінде несие төлейді. 5 жылдағы артық төлем 1 млн. теңгедей. 7-20-25 бағдарламасына сай несиені 25 жылға да алуға болады. Онда ай сайын 40 мың теңге төлеп, 25 жылда шамамен 5 млн. 280 мың теңге артық төлем төлемек. Қазіргі күні баспанасы жоқ жас отбасылардың қаладағы жалға алып отырған пәтерлеріне ай сайын орта есеппен 40-60 мың теңге төлеп отырғанын ескерсек, енді олар сол ақшаны біреуге бермей, өзінің басыбайлы баспанасына,үйіне төлейді.


«Нұрлы жер» бағдарламасымен салынатын жер үйді тұрғын үй құрылысына қажетті жер участогы кезегінде тұрған азаматтармен қоса басқалар да ала алады. Жер үйді сатып алушының атында үй болмауы керек деген шарт жоқ. Жер кезегінде тұрған үміткерге жер Үкіметтен тегін беріледі, бірақ сол жерге салынған үйді сатып алады. Сонымен бірге ҚТҚЖБ салымшыларының да жаңадан салынатын жер үйлерді сатып алуына болады. Жерді тұрғындар өз қаражатына да, ҚТҚЖБ арқылы да алуына болады. Ал жер кезегінде тұрғандар үйді несиеге алатын болса, ҚТҚЖБ банкінің салымшысы болуы қажет. Ол үшін банктен депозит ашып, үй құнының 20 пайызын алдын ала аудару арқылы бірден осы бағдарламаға қатыса алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив