KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Биылғы ҰБТ талаптары туралы - Ұлттық тестілеу орталығының № 37 филиал жетекшісі Бағлан Данияров

14.05.2018, 11:11 171

Қорытынды аттестация барлық мектептерде 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді, ал ҰБТ 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Биыл алғаш рет талапкерлерге ағылшын тілінде тестілеуден өтуге мүмкіндік беріліп отыр.


ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының № 37 филиал жетекшісі Бағлан Данияровтың сөзіне қарағанда, мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мен Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматына 2017 жылғы енгізілген өзгерістер қоғамда оң бағасын алған.


Қорытынды аттестацияны мектеп түлектерінің барлығы тапсырады, емтихан 5 пәннен турады, 4-уі міндетті, 1-уі таңдау пәні. Емтихан материалдарын ҚР Білім және ғылым министрлігі дайындап, мектептерге облыстық білім басқармалары арқылы жеткізіледі. Емтихандар 29 мамыр – 9 маусым аралығында өткізіледі.


Ал Ұлттық бірыңғай тестілеу 5 пәннен тұрады, 3-уі міндетті пән және таңдаған мамандыққа байланысты 2 бейіндік пән:


1) математикалық сауаттылық – 20 тапсырма;

2) оқу сауаттылығы – 20 тапсырма;

3) Қазақстан тарихы – 20 тапсырма;

4) 2 бейіндік пән – әрқайсысы 30 тапсырмадан.


Жалпы 120 тапсырма беріледі, шекті деңгей 50 балл, тестілеу уақыты - 3 сағат 50 минут


-Биылғы жылы ҰБТ тапсыруға тілек білдірушілердің саны 2017 жылдың деңгейінде болып отыр. Барлық түлектерге бірдей мүмкіндіктер тудыру мақсатында, сондай-ақ, қоғамдық пікірді ескере отырып, «Алтын белгі» иегерлерінің артықшылықтары тек басқа талапкерлермен баллдары бірдей болғанда ғана ескерілетін болды, - дейді Бағлан Қапайұлы.


[caption id="attachment_31679" align="alignnone" width="1000"] Б.Данияров[/caption]


Мүмкіндігі шектеулі талапкерлерге де барынша қолайлы жағдай жасалуға тиіс, сол себепті қазір ымдау мамандарынан көмекшілер тарту мәселесі қарастырылуда. Сонымен қатар, биыл алғаш рет талапкерлерге ағылшын тілінде тестілеуден өтуге мүмкіндік берілмекші. Филиал жетекшісінің мәліметтері бойынша, тестілеуді шет тілінде тапсыруға әзірге Өскемен қаласынан бір ғана өтініш түсіпті. Республика көлемінде 250-дей өтініш берілген. Алдын ала болжам бойынша, тестілеуден өскемендік талапкерлердің шамамен 55 пайызы қазақ тілінде, қалғандары орыс тілінде өтеді деп күтілуде.


Тестілеуге себепті жағдайлармен қатыса алмағандарға келесі лекте тапсыруға, не болмаса, кешенді тестілеуге қатысуға мүмкіндік беріледі.


Шекті деңгейден өте алмағандарға тамыз және келесі жылдың қаңтар айларында тестілеуді қайта тапсыруына болады.

Бағлан Данияровтың сөзіне қарағанда, биылғы жылы республика бойынша қосымша 20 мың грант бөлініп отыр. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға қарастырылған. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде облыстық әкімдіктер қажетті мамандықтар бойынша жоғары білім алушыларға қосымша гранттар бөледі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша олардың саны 400-ге жетіп отыр.

Колледж түлектері үшін шекті баллдың деңгейін 35-тен 25-ке төмендету мәселесі қарастырылуда. Тест тапсырмаларының 25 пайызы апробациядан өткізіліп, жаңартылған.


Түлектердің өз мамандықтарын дұрыс таңдауға, мүмкіндіктерін толықтай пайдалануға көмек жасау мақсатында ҰБТ қорытындысы бойынша сертификатпен бірге барлығына қосымша ақпараттық парақша беріледі. Ақпараттық парақшада таңдаған бейіндік пәндері бойынша мамандықтардың тізімі, шектік баллдың жуықтау мөлшері, гранттардың саны көрсетілетін болады.


Мектеп түлектері дайындық барысында мектептерде, ҰБТ өтетін пункттерде ай сайын сынақ тестілеуден өтуде.


Тапсырмалар үлгілері ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында жарияланған, сонымен қатар, әрбір түлектің тапсыруына жағдай жасалған. Бүгінгі таңда барлық тестілеу пункттерінде дайындық жұмыстары кеңінен жүргізілуде.

Қазір Білім және ғылым министрлігімен бекітілген, техникалық құрал-жабдықтарды (ұялы дыбыс сөндіргіштер, бейнекамералар, металл іздегіштер және т.б.) жаңарту, аудиториялық қорды жинақтау және басқа да жұмыстар атқарылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив