KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 9 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Зайсан, Тарбағатай, Үржар және Күршім аудандарына газ тартылатын болды

14.05.2018, 09:39 171

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік аймақтарын Зайсан ауданындағы Сарыбұлақ кен орны газымен қамтамасыз ету көзделініп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Сәуірде Шығыс Қазақстанда Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыруға арналған Жол картасы жасалған болатын. Жол картасы бойыншаШҚО ның оңтүстік өңірлерін газдандыру мәселесі жөнінде жұмыс тобы құрылып, іске кірісті.


Зайсан, Тарбағатай, Үржар және Күршім аудандарының ауылдық елді мекендеріне магистральды желілерді және автоматтандырылған газ тарату станциясын ( АГТС) салу жобасын халықаралық қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.


Жоба бойынша газ құбырлары 4 бағытта салынып, барлығы 95, 314 мың адамды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік туады.


1) Зайсан ауданы (10,0 мың адам);

2) Тарбағатай ауданы (34,8 мың адам);

3) Үржар ауданы (29,8 мың адам);

4) Күршім ауданы (20,714 мың адам).


Бұл аудандардағы елдімекендерде газдандыруға жоспарланған тұрғын үй саны 23,9 мыңдай. Осы 4 бағыт бойынша газды тұтынудың жыл сайынғы көлемі 47,7 млн. текше метр болады.


Жоғарыда көрсетілген аудандардың елді мекендеріне дейінгі және кентішілік газ құбырларын салу құрылысының бағасы оның жобалық-сметалық құжаттамасы жасалғанан кейін белгілі болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив