KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
448.89 477.93 4.76

Өскемен әкімдігі «Металлург» саябағындағы аттракциондарды алып тастамақ

13.05.2018, 10:52 233

Өскемен қаласы әкімдігі «Металлург» саябағындағы ескі аттракциондары алып тастамақшы. Ондағы мақсат – саябақты өнер, сәулет және инженерлік ойдың туындысына айналдыру. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қала әкімдігі әткеншектердің иелерін барлық аттракциондарды сот арқылы демонтаж жасауға мәжбүрлеп жатыр екен деседі.


«ВАТ» ЖШС-не (аттракциондардың иесі) сотта қойылған қуыным талабы бойынша мүлікке құқықты тіркеу жойылады, олар аттракциондарға демонтаж жасап, жер учаскесін босатуға тиіс.


-«Металлург» саябағы жұмыс істеп бастағалы бері осы күнге дейін абаттандыру, аттракциондарды жаңартып, эстетикалық келбетін жақсарту бойынша айтарлықтай жұмыстар істелмеген, - дейді қала әкімінің орынбасары Ержан Коңырбаев. – Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған аттракциондардың күйі нашар. Көбі сапалық және техникалық жағынан әбден ескірген, олардың техникалық жағдайы мен қауіпсіз жұмыс істеуі де күмән тудырады.


Ал аталмыш ЖШС-нің директоры Андрей Татарников жыл сайын саябақтың ашылу қарсаңында барлық аттаракциондардың техникалық жағдайы арнайы тексеруден өткізілетінін айтып отыр. Кәсіпкердің қолында оны растайтын құжаттар да бар көрінеді. Оның сөзінше, тексеру барысында пайдалануға жарамсыз не дұрыс істемей тұрған аттракциондар анықталса, олар бірден демонтажға жатқызылар еді.


Дегенмен, қала әкімдігі өз айтқандарынан қайтар емес. Олар саябаққа жаңа эстетикалық келбет бермекші. Осыған орай саябақты қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қажеттігі туындап отыр. Атап айтқанда, саябақтағы барлық құрғап, кеуіп кеткен, апаттық жағдайдағы ағаштарды кесу, бұталы өсімдіктер отырғызу, жаяужол тақтасын төсеу және гүлзарлар, көгалдар мен шағын сәулет пішіндерін орнату керек екен. Сондай-ақ, сауда павильондары мен дәмханалар, роллер-саябақ жасау жопарлануда. Ең бастысы – жаңа, заманауи, эстетикалық жағынан тартымды, қауіпсіз аттракциондар орнатылуға тиіс.


Қала әкімдігі саябақты жыл бойы пайдалануды да жоспарға кіргізіп отыр. Жазда  аттракциондар мен көңіл көтеретін іс-шаралар ұйымдарыстырылса, қыста сырғанақ, мұз айдыны, шаңғы тебу секілді ойын-сауық кешені жасалмақшы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив