KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 8 м/с, С
445.66 474.58 4.78

ШҚО-да жұмыссыз жүрген жастарға орталықтар көмектесетін болды

11.05.2018, 11:59 160

Оқу орынын бітіп шыққан соң: «Қайжерге барып тұрам?» деп басы қатып, шарқ ұрып жұмыс іздейтін жастар бұдан былай өз қиындығымен бетпе-бет қалмайтын болды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021 жылға арналған бағдарламасының үшінші бағыты халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және еңбек ресурстары ұтқырлығын арттыру арқылы еңбек нарығын дамытуға арналған. Осы бағыттағы «Жастар іс-тәжірибесін ұйымдастыру» шарасы аясында оқу орындарын бітірген түлектер меңгерген мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алып, жұмысқа орналаса алады.


Жастар іс-тәжірибесі шарасы жоғары және орта оқу орындарын бітіргеннен кейінгі 3 жыл ішінде ешқайда жұмысқа тұрмаған және 29 жастан аспаған жұмыссыз жастарға арналған.


Шынар Нұрсейтова, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардыүйлестіру басқармасы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы:


- Бұл шара оқу орынын бітірген студенттердің тәжірибе жинауына көмектесуге, жас мамандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады, ұзақтығы 6 айдан аспайды.

Жастар іс тәжірибесінен өтетін оқуорыны түлектеріне ай сайын мемлекеттен 25 АЕК немесе 60 мың 125 теңге көлемінде еңбекақы төленеді. Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.


Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Оқу орындарын бітіріп, жұмыс таба алмаған жас мамандар «Жастар практикасына немесе істәжірибесіне» қатысу үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына келіп, өтініш береді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша кеңес беріп, олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді. Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.


Біздің облыста былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 1 413 жас маман іс тәжірибесінен өткен. Солардың 556 іс тәжірибе жинап, жұмыс істеген мекемеге тұрақты жұмысқа алынған.


Биыл облыста жоспар бойынша504 жас маман осы бағдарламаға қатыспақ. Осы жылдың бірінші тоқсанында 176 маман тәжірибеден өтуге жіберіліп отыр. Оқу орындарын бітіріп, жұмыс таба алмаған жас мамандар аудандардағы 19 жұмыспен қамту орталықтарына барып жұмыссыз ретінде тіркеліп, жастар іс тәжірибесінен өтулеріне болады.


Жұмыспен қамту орталықтарынакелген барлық жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдарға лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге қолдау, басқа да көмектер көрсетіледі. Мысалы, техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру, қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.


Сонымен қатар орталықтарда еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасы –«Электрондық еңбек биржасы» енгізілген. «Электрондық еңбек биржасы» порталында жұмыс берушілерден, жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмысқа орналастыру жөніндегі жеке агенттіктерден бос жұмыс орындары мен түйіндемелер орналастырылған.


Жұмыс іздеп жүргендер тікелей жұмыспен қамту орталықтарына өзі бармай-ақ, Электрондық биржаға кіріп өз түйіндемелерін тіркеуге болады. Жұмыс берушілердің ішіндегі лайықты ұсыныстарды таңдап түйіндеме жіберуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив