KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 2 м/с, С
446.49 475.38 4.79

1 мамырдан бастап Өскеменнің сол жағалауындағы музей-саябаққа кіру тәртібі өзгерді

11.05.2018, 05:11 151

1 мамырдан бастап 15 жасқа дейінгі балалар Өскеменнің Сол жағалау музей-саябағының түгелдей дерлік  бөлімдеріне тегін кіре алады. Тек  хайуанаттар бағына ғана 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер билетсіз жіберіледі, деп хабарлайды Алтайньюс.


Мамыр айынан бастап аталмыш саябаққа кіру тәртібі сәл өзгерді.


Музей-кешеннің аумағына кіру бұрынғыдай тегін. Егер 15 жастан асқан қонақтар этноауыл немесе, көрме залын қызықтағысы келген жағдайда кассадан барып 400 теңгеге билет сатып алуға тура келеді. Осы билет арқылы хайуанаттар бағынан басқа бөлімдерді еркін аралай береді. Аң-құстарды  тамашалаймын деген 7 жастан асқан балалар  үшін билет бағасы -100 теңге, ал ересектерге  - 300 теңге.  15 жасқа дейінгі қонақтар үшін 1 мамырдан бастап көрме залдары мен саябақтың басқа да бөлімдері тегін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив