KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 11 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Журналистика саласындағы «Үркер» байқауына өтініш қабылдау басталды

10.05.2018, 14:33 151

Бүгін баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы Ұлттық «Үркер» байқауы жарияланды. Оның жүлде қоры 13 миллион теңгені құрап отыр.


Қазылар алқасына 13 адам кіреді. Олар - қоғам қайраткерлері, сарапшылар, журналистер, медиа-менеджерлер.


Байқаудың өзі 12 номинациядан тұрады, тәжірибе жүзінде енгізілген қосымша номинация да бар.


Жеңімпаздар 28 маусымда «Қазмедиа» орталығында анықталмақ. Әрбір жеңімпаз 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен дәстүрлі естелік мүсінге ие болады.


Ұлттық «Үркер» байқауына қатысу үшін el.kz. сайтына төмендегі номинациялар бойынша өтініштер жібереді:


Үздік фотосурет


Үздік репортаж


Үздік сараптамалық материал


Үздік журналистік зерттеу


Үздік сұхбат


Қазақстан туралы үздік танымдық материал


Үздік халықаралық талдамалы материал


Үздік өңірлік радиостанса


Үздік өңірлік мерзімді басылым


Үздік Қазақстандық радиостанция


Үздік интернет-басылым


Үздік республикалық мерзімді басылым

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив