KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да өрттен тағы бір адам көз жұмды

10.05.2018, 08:15 131

Глубокое ауданында өрт туралы дабыл дер кезінде қағылмағандықтан бір әйел қайтыс болды.  Прапорщиково ауылындағы жеке үйлердің бірінде тұтанған жалынды көршілері кеш байқаған.


Өртке қарсы қызмет мамандары келген кезде  тілсіз жау ағаш үйді түгел орап, шаруашылық қораларына жайыла бастаған. Құтқарушылар көмекке жеткенше бір газ баллоны жарылып, үйдің жартысы құлап қалды.


Қирандылардың астын тексерген кезде верандадан күйіп қалған , 1955 жылы туған әйелдің денесі табылды. Қызыл жалынды тоқтатуға бір сағат уақыт жұмсалды.


Өрттің жалпы аумағы 200 шаршы метрден асады. Өрттің шығуы туралы отты пайдаланғанда абайсыз болған, немесе пешті орнату мен қолдану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтамаған, сондай-ақ электр құралын пайдаланған кезде сақтық шаралары сақталмаған деген болжамдар айтылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив