KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Halyk Bank әлеуметтік желілердегі алаяқтардан сақтандырды

9.05.2018, 03:04 131

Halyk Bank әлеуметтік желілерде алаяқтар пайда болғанын хабарлап, клиенттерін сақ болуға шақырды. Бұл ескерту банктің ресми сайтында жарияланып отыр.

-Кибер-алаяқтардың белсенділігінің артуына және банк карталарынан ақша ұрлаудың өсуіне байланысты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ  өз клиенттерін түзелмейтін салдарға әкеп соқтыруы мүмкін қателіктерден сақтандыру қажет деп ойлайды. Интернет-сайттардың бірінде, мәселен, танымал әлеуметтік желіде сізге белгілі бір сыйақы үшін сауалнамадан өту ұсынысы бар хабарлама келіп түсті. Мұндай хабарламада корпоративтік түстер, қаріптер және банктің логотипі мен оның өнімдері, бірыңғай формалы киім киген банк қызметкерлерінің фотосуреттері, ойдан шығарылған адамдардың жалған пікірлері, шын мәнінде жоқ «клиенттерді қолдау қызметінің» байланыс телефондары пайдаланылуы мүмкін, - деп жазылған ресми хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив