KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, С
443.85 474.3 4.8

ШҚО-ға төрт айдың тегін дәрі-дәрмегі жөнелтілді

8.05.2018, 07:46 141

Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге арналған препараттарды жөнелту қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 31,9 млрд теңге сомаға дәрілер жөнелтілген. Бұл туралы "СК-Фармация" ЖШС-нің ресми сайтында хабарланып отыр.


Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды мамыр айына тапсырыс бойынша жөнелту жұмыстары сәуір айының бас кезінде  бірқатар аймақтарды басталып, қазір жалғасуда. Медикаменттер ең көп жіберілген аймақ Шығыс Қазақстан облысы болды. Мұндағы медициналық мекемелер 4,3 млрд теңгеге өткен төрт айдың дәрі-дәрмегін алып отыр.


Қазақстандықтарды амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 432 атауы сатып алыныпты. Тұтастай алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша амбулаториялық және стационарлық дәрілік қамтамасыз етуге арналған 1057 атау сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%-ын құрайды екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив