KZ
Өскемен
+22°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, З
447.4 477.55 4.76

Қазақ тіліндегі үздік роман үшін 1 миллион теңге беріледі

3.05.2018, 05:13 152

Елімізде «Алтын қалам» әдеби байқауы басталды. Оның мақсаты – қазақ әдебиетін дамыту.


Сайыстың ерекшелігі  - оқырмандар шығармамен оның авторын білмей, танысады. Бұл туындыны әділ әрі дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.


Сайттағы дауыс беру  бірнеше номинация бойынша жүргізіледі: «Жылдың үздік поэзиясы», «Жылдың үздік прозасы», «Дарабоз» - жылдың үздік балалар және жасөспірімдер әдебиеті, «Есенжол Домбай атындағы үздік сатира сыйлығы», «Үздік фантастика және детектив», «Үздік киносценарий мен драматургия», «Әдебиетті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Есенқұл Маманов атындағы қазақ тіліндегі үздік роман сыйлығы».


Аталмыш байқау 2009 жылдан бері тұрақты түрде өткізілуде.  1 миллион теңгелік грант-при сыйақысын «Қазақ тіліндегі үздік роман» және «Дарабоз» номинацияларының жеңімпаздары иеленеді.


Әдеби туындыларды adebiet2014@gmail.com, kenze2002@mail.ru электронды поштасына жолдауға болады. Қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады. Конкурс жайлы толық мәлімет  www.akalam.kz  сайтында жарияланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив