KZ
Өскемен
+10°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Мереке күндері екі AUDI-80 көлігі отқа оранды

2.05.2018, 15:19 160

Облыстың өртпен күрес қызметінің мамандары мереке күндері он алты өртті сөндірді. Екі AUDI-80 көлігіндегі жалын өшірілді.


Ең ірі өрт оқиғалары Аягөз бен Тарбағатай аудандарында тіркелді. Аягөзде өрт сөндірушілер 90 шаршы метр аумақтағы қызыл жалынды ауыздықтап, екі тонна шөпті құтқарса, Тарбағатай ауданында тілсіз жаудың аумағы 100 шаршы метрге жетіп, 6 тонна шөпті жалмады.


Семей қаласының өрт сөндірушілеріне де тыным болмады. Үш күннің ішінде олар жеті рет тілсіз жаумен бетпе-бет келді. Қызыл жалын Транспортная, Трусов және Луговая көшелеріндегі жеке үйлер мен қора-жайларда шыққан. Бірінші жолы өртке қарсы қызметтің мамандары 30 шаршы метр аумақтағы өртпен күрессе, келесі жолдары өртке оранған аумақтар 50 шаршы метр, 60 шаршы метр болып, ұлғая берді. Сондай-ақ семейлік өрт сөндірушілерге 1990 жылы шыққан AUDI-80 автокөлігінің мотор бөлігінде тұтанған өртті де сөндіруге тура келді.


Зыряндық құтқарушылар моншада шыққан өрт кезінде дабылмен көтерілді. Бұл қалада да Ауди-80 көлігі тілсіз жаудан құтқарылды.


Өрттің шығу себептері - әдеттегідей, отты пайдаланудағы абайсыздық. Зардап шеккендер тіркелмеген.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив