KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 3 м/с, З
446.49 475.38 4.79

Семейде ақын-композитор Елдар Оразалиннің кітабының тұсаукесері өтті

1.05.2018, 11:12 211

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында ақын, композитор Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Елдар Оразалиннің «Шыңғыстау» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Мұражайдың қолдауымен жарық көріп отырған кітаптың тұсаукесеріне қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен Абай ауданының өнерпаздары қатысты.



Тұсаукесер барысында автордың «Шыңғыстау» кітабы және соған қосымша Абай шаңырағынан басылып шыққан жиырмаға жуық кітап топтамалары Семей қаласында орналасқан Абай  кітапханасының ұжымына сый ретінде берілді. Осынау рухани құнды байлықты Абай атындағы кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Амреноваға Абай мұражайының директоры Болат Жүнісбеков салтанатпен табыстап, Елдар Кәменұлының кеудесіне «Абай» медалін тақты. Сондай-ақ, келген қауымды Елдар Оразалиннің шығармашылығымен кеңінен таныстырып өтті.



 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив