Өскемен
+34°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
444.85 477.19 5.42

Қазақстанның халықаралық Көрмесінде ШҚО-ның туристік әлеуеті таныстырылды

30.04.2018, 08:56 50 0

Шығыс Қазақстан облысының туристік компаниялары ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаевтың бастауымен «KITF 2018» Қазақстандық халықаралық туристік Көрмеге қатысты. Бұл Көрме Алматы қаласында өткен еді. Оған әлемнің 30 елінен келген мыңнан астам туристік компаниялар қатысып отыр.


Айта кетсек, «KITF 2018» Көрмесі Орталық Азиядағы туризм бойынша ең ірі кәсіби алаң әрі елдің туристік саласындағы басты жаңалық болып табылады.


Біздің облыс ұлттық Қазақстандық стендте «Алтай маржаны» кластерімен таныстырылып, оған ШҚО туристік ақпараттық орталығы, «Рахман қайнарлары» шипажайы, «Тоғас-Интурсервис» турфирмасы, «Парус Алакөл» және «Alazis Alakol» демалыс үйлері қатысты.


Көрменің аясында ұйымдастырылған «Workshop» іс-шарасында ШҚО туристік ақпараттық орталығының директоры Сымбат Рамазанов Шығыс Қазақстанның туристік әлеуетін таныстырып, аймақтың барлық қарым-қатынас жағынан бірегей екенін атап өтті. Облыс республикада туристерді орналастыру бойынша бірінші орында тұр. Сондай-ақ, климаттық және табиғи жағдайлары бұл өңірде туризмнің барлық түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.


«KITF 2018» Көрмесінің ұйымдастырушылары ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасын туристік дестинацияны ілгері бастырғаны үшін марапаттады.


[su_slider source="media: 30352,30353,30354,30355,30356,30357"]


 

50
0
00


Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив