KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

Өскеменде екі әйел алған жігіттің басы бәлеге қалды

27.04.2018, 10:17 112

Жақында Өскемен қалалық сотының қарауына екі әйел алу туралы ерекше талап арыз түсті. Жас жігіт 2015 жылдан бастап заңды некеде тұр.

ШҚО аймағындағы іс-сапарында ол басқа бір әйелді кездестіріп, бірге тұра бастаған. Біраз уақыттан кейін жігіт өзінің заңды жұбайына қайтып оралады. Ал ренжіген әйел оны сотқа беріп, моральдық зиян келтіргені үшін 300 АЕК мөлшерінде (720 мың теңгеден астам ) өтеуді талап етеді. Сот арызына қосымша 2015 жылы жергілікті мемелекеттік органмен тіркелген неке туралы куәліктің көшірмесін берген екен.


-Менің тәжірибемде мұндай күлкілі оқиға алғаш рет орын алды, - деді Өскемен қалалық сотының судьясы М.Бұқбаев. - Алайда, менің әріптестерім ұқсас оқиғалардың сирек емес екенін айтқан. Отбасында бәрі де болуы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив