KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность жел 4 м/с, С
444.32 473.33 4.76

Семейлік ғалымдар: "Экологиялық апатты аймақтарда өмір сапасы жақсы"

26.04.2018, 07:42 96

Бұған сену әсте қиын. Бірақ семейлік ғалымдар арнайы зерттеулердің барысында осыған көз жеткізіп отыр. Нақтырақ айтқанда Семейдегі Мемлекеттік медицина университетінің ғылыми тобы «Экологиялық апатты аймақтардағы тұрғындарды сауықтыру, медициналық қызметпен қамту, әлеуметтік қорғау және экологияның әсерін азайтуға бағытталған ғылыми-әдістемелік негіздерді әзірлеу» бағдарламасын іске асыруда. Айтулы жоба 2017-2019 жылдарға арналған.  


Ғылыми-техникалық бағдарлама ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен қолға алынды. Үш жылдық жобаны медицина университетінің біріктірілген оқу-ғылыми зертханасының мамандары орындап келеді. Сол бойынша экологияның әсеріне ұшыраған аймақтарда ғылыми-зерттеулер жүргізу қарастырылыпты. Бұл санатқа бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан аудандар, сондай-ақ, ауасы ластанған өндірістік аумақтар жатады екен. Оның ішінде Өскемен және Павлодар сынды шаһарларды ерекше атап өтуге болады. Сол сияқты әрбір ғылыми-зерттеу салыстырмалы талдауды қажет ететіндіктен, эко жүйесі қалыпты жерлер де таңдалып алынды. Олар Орал қаласы және Күршім ауданы.


-2017 жылы Абай, Бородулиха және Күршім аудандарындағы тұрғындардың денсаулығы зерттелді. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар Өскемен мен Орал қаласында жалғаспақ. Жақында ғана біздің қызметкерлер Оралдан келген еді. Ол жақта тұрғындардан қан сынамасы алынып, соның негізінде молекулярлық-генетикалық зерттеулер жасалмақ. Ендігі кезекте Өскемен қаласы тұр. Бұл шаһарда тиісті жұмыстар шілде айында басталады деп жоспарлануда, - дейді Семей қаласы ММУ, біріктірілген оқу-ғылыми зертханасының меңгерушісі Нұрлан Әукенов.

Сарапшылар экологиялық апатты аймақтарда анағұрлымдай өзгерістер орын алмағын нақтылады. Тек беймәлім ақпаратқа тым сенгіш тұрғындардан, радиофобияның белгілері байқалыпты. Ал бұл өз кезегінде психогенді ауруларға алып келуі мүмкін екен. Сондықтан да ақ халаттылар артық ойға берілмеуге шақырады.


- Бір қызығы, табиғаты таза аудандардағы халықтың аурушаңдығы эко жүйесі нашар жерлерге қарағанда айтарлықтай көп. Әлбетте бұл өмір сапасы, күнкөріс деңгейінің төмендігі және ерте диагностикалау секілді көптеген факторлармен байланысты. Жасырын емес, қазір суицид фактілеріде кемімей тұр. Осы үш жылдық жоба өз жемісін береді деген үмітіміз басым. Оның қорытындысында тұрғындарды сауықтыруға арналған кешенді жоспар қабылданады. Және де ғылыми-техникалық бағдарламаның көмегімен сырқаттардың көрсеткіші 20-30% төмендейді деп күтілуде, - деп түйіндеді өз сөзін Нұрлан Әукенов.

Бүгінде аталмыш жобаға күн шығыс елінің ғалымдары да қызуғышылық білдіріп отыр екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив