KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Семейде 51 жастағы ер азамат есірткімен ұсталды

24.04.2018, 14:16 201

Семей қаласының ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі затын сатады деген күдікпен Дулатов көшесіндегі «Жансая» аялдамасында 51 жастағы ер адамды құрықтады. Іздестіру барысында өзі жүргізетін «Шаулинь» маркалы автобусынан жасыл түсті өсімдік салынған алты қағаз түйіншек табылған болатын.


Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы салмағы 18 грамнан асатын кептірілген марихуана екені анықталды. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлері қазіргі таңда тұрып жатқан тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде тағы да 2,50 грамм салмағы бар есірткі затын тәркіледі.


Қамауға алынған  ер адам бұрын да заңсыз есірткі саудасымен айналысқаны үшін жауапқа тартылғандығы белгілі болып отыр.  Қазір аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы, 1-тармағы, 296-баптың 2-тармағы бойынша іс қозғалып, барлық мән-жайды анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив